Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран біздің ортақ игілігіміз, қазақстандық патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, оның тарихына, мемлекеттік тіліне, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген терең құрметіміздің қайнар көзі болып табылады. Біз рәміздерімізді қасиетті түрде құрметтеуге және олардың мағынасын білуге міндеттіміз. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, жан тыныштығы мен бейбітшілік, махаббат пен қуаныш, еңбекте табыс, амандық, тұрақтылық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін!!!!