ҚОШ КЕЛДІҢ , ӘЗ -НАУРЫЗ ! Наурыз мейрамы -өткенді қайта қарау және болашаққа жоспар құру кезеңі. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді және қоғамдық ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге үндейді. Бүгін , яғни 20 наурыз 2024 жылы «Тастақ бастауыш мектебі»КММ мектебінде бастауыш сыныптар арасында , жоғарыда көрсетілген тақырыпта кең ауқымды іс -шара болып өтті. Оған мектептің оқушылары, ұстаздары мен ата-аналар, сондай-ақ қонақтар қатысты. Бастауыш сынып оқушылары ӘЗ НАУРЫЗ мерекесі қарсаңында тақырыпқа арналған жырларын жатқа мәнерлеп оқып, сонымен қатар әнмен билерін жоғары деңгейде орындап шықты.