Текст
Құрметті балалар, ата-аналар! Сіздерді 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас ұрпақтарымыз дами берсін. Біздің елімізге бейбітшілік, тыныштық пен амандық тілейміз! Баршаңызға ашық аспан, балаларымыздың дені сау болып, Отанымыздың мақтанышына айналуын тілейміз! Балалар мен жастар-біздің болашағымыз!
Бүгін "Тастақ бастауыш мектебі" КММ балалар алаңының ашылуы болды, онда балалар уақытты белсенді және көңілді өткізді. Сыйлықтар, тәтті сыйлықтар берілді. Сондай-ақ балалар викториналарға қатысты, суреттер салды, мозайкаларды жинады.