"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Тастақ станциясының бастауыш мектебі"КММ
КГУ"Начальная школа станции Тастак отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Сіз 1-сыныпқа құжаттарды тапсырдыңыз ба?

06.04.2022

Сіз 1-сыныпқа құжаттарды тапсырдыңыз ба?

Мектептерге 1-сыныпқа балаларды қабылдау үшін ата-аналардан 13 мыңнан астам электрондық өтініш келіп түсті. Ал бүгінгі жұмыс күнінің басынан бері өтінімдер саны 3 мыңнан асты.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған және eGOV.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Автоматтандырылған жүйенің басты артықшылығы - барлық процестердің айқындығы, максималды ашықтық және қолдануға ыңғайлы жағдай жасау. ҰБТ, барлық деңгейдегі олимпиадалар электронды форматқа көшірілді, бұл өзінің оң нәтижелерін беруде.

Естеріңізге сала кетейік, балалар 1-сыныпқа ата-анасының немесе білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.
Қажетті құжаттар:
- Баланың туу туралы куәлігі;
- 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 3х4 көлеміндегі фотосурет.

Просмотров: 404


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст