Мақсаты: балаларды өзіне және жол қозғалысының басқа да қатысушыларына құрметпен қарауға, жолдарда мұқият болуға және өз өмірі мен денсаулығын сақтауға баулу!
Жол қозғалысы ережелерін қайталау, тақырып бойынша білімді жүйелеу және жарақаттанудың алдын алу.
Міндеттері:
Оқушылардың жол ережелері туралы білімдерін тереңдету.
Көшелерде және жолдарда жүру кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру.
Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында көшеде, жолда оқушылардың мінез-құлқының негізгі ережелерін орындау дағдыларын тәрбиелеу.
Балалар жолдағы жүріс-тұрыс ережелері туралы білім алды және үйренді, жол қозғалысы ережелері туралы алған білімдерін ойындарда, драматизацияларда, күнделікті өмірде қолдануды үйренді. Балаларды жол қозғалысы ережелерімен және олардың өмірде сақталуымен таныстырды.