Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы"Конституциялық заңға қол қойды. Бұл оқиға Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде Конституциялық ресімделуін түбегейлі аяқтады, жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігінің бастауы болды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: "1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан мүлдем жаңа тарихты бастады. Біз, қазақстандықтар, ұлт өрлеуінің қазақстандық дәуірінің негізін қалаушылар мен алғашқы ізашарларына айналдық. Бұл біздің асыл уақытымыздың және барлық ұлы жетістіктеріміздің ең дәл атауы".
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне айналады.
2021 жылы әлем картасында Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеті пайда болғанына тура 30 жыл толады. Айтулы мерейтойды мерекелеуге белсенді дайындық осы оқиғадан бұрын басталды.
"Тастақ станциясының бастауыш мектебінде" Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаты өтті. Оқушылар өлең оқып, би дайындады.